Украинаның  санкциясына іліккендердің қатарында Қазақстанның екі ірі компаниясы бар

03.07.2023, 09:15
849
Украинаның  санкциясына іліккендердің қатарында Қазақстанның екі ірі компаниясы бар smartnews.kz

Украина бірқатар елдің кәсіпорындарына және жеке тұлғаларына санкция салды. Енді олардың Украинаға қатысты барлық байланыстары мен экономикалық қатынастары тоқтатылады.

Негізінен санкция салынған компаниялардың Украинадағы активтері бұғатталып, сауда операциялары үзіледі деп жатыр. Ол компаниялардың капиталы Украинадан тыс жерлерге шығарылмайды. Украина санкция салынған компания өнімдерін өз аумағы арқылы тасымалдауға, пайдалануға тыйым салады. Украина бұл компаниялармен байланысты үзеді және барлық экономикалық және қаржылық міндеттемелерін орындауды тоқтатады.

Сонымен Украина билігі 291 заңды  тұлғаға, яғни осыншама компанияға және 192 жеке тұлғаға санкция салып отыр. Жеке тұлғалардың басым бөлігі ресейліктер. Санкция Ресей, Беларусь, Грузия, Қазақстан және Кипр елдерін қамтыды. Бұл туралы Украина президентінің жарлығы жарияланды.  Санкция 10 жылға салынады.

Украинаның санкциясына іліккен Қазақстан компанияларына келсек, олар – «ИТС-Астана» деген жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және «Тыныс» деген акционерлік қоғам. «ИТС-Астана» Ресейдің «ИТС-Урал» деген зауытының Қазақстандағы ресми өкілі екен. Бұл кәсіпорын дәнекерлеу аппараттарын өндіріп, Қазақстанға және шет елдерге экспорттаумен айналысады. Дәнекерлеу аппараттарын өндірушілердің ішіндегі ең ірі кәсіпорын осы деп жатады.  «ИТС-Астана» кәсіпорнының құрылтайшылары Гапотина Надежда және Махнев Денис есімді азаматтар.

Ал екіншісі «Тыныс» акционерлік қоғамы – «Қазақстан инжиниринг» әскери-өнеркәсіп кешенінің бұрынғы еншілес компаниясы. Бұл кәсіпорын полиэтилен құбырларын, автомобиль крандарын, мүгедектердің арбаларын жасап шығарады. 2013 жылдан бастап оқ-дәрі өндірумен және мен жеке қорғаныс құралдарын шығарумен айналысып келеді. Оқ өтпейтін жилет, броньды қаптамалар және соққыға қарсы қалқандарды да  шығарады. Сонымен қатар «Тыныс» акционерлік қоғамы авиациялық технология және машина жасау салалары бойынша да жұмыс істейді. Бұл кәсіпорын Ақмола облысында орналасқан, ірі машина жасау кәсіпорны болып есептеледі. Зауыттың негізгі қызметі – авиациялық техниканың бөлшектері мен тораптарын шығару. Оның экспорттың үлесі жалпы өндіріс көлемінің шамамен 50 пайызын құрайды.

«Тыныс» АҚ бұрын «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясының меншігінде болған. 2023 жылдың мамыр айында «Қазақстан инжиниринг» «Тыныс» АҚ-ның 100 пайыз акциясын Қазақстанның  Әміржанов Жұмабай есімді азаматына сатқан. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарламасында «Тыныс» акционерлік қоғамы көп жылдық тәжірибесі бар, дамып келе жатқан кәсіпорын делінеді. Санты бойынша ол әскери зауыт емес, негізгі қызметі азаматтық өнім шығаруға бағытталған. Компания медициналық техника, электр арбалары, полиэтилен құбырлары, өрт сөндіргіштер мен өрт сөндіру жабдықтары, геотекстильдер, арматура, авиациялық техникаға арналған тораптар мен агрегаттар, байланыс желілерінің бөліктері, қосалқы бөлшектер мен жүк вагонына арналған бөлшектер, электр бұйымдары, жеке қорғаныс құралдары және тағы басқа өнімдерді шығарады.

Украинаның санкциясы салынған Ресейдің компанияларына келсек,  олардың санына жету қиын. Кейбірін атап өтсек, тізімде «Атлант», «Магнетон», «Сапфир», «Тяжмаш» зауыттары, «ГАЗ» автомобиль зауыты, «Энергия» ракеталық-ғарыштық корпорациясы, «Рубин» авиациялық корпорациясы, әскери академия, 17 мұнай өңдеу зауыты мен ірі мұнай компаниялары, көптеген электр энергиясын тарату кәсіпорындары мен еркін экономикалық аймақтар  бар. Беларусь елінің де компанияларына да санкция салынған. Ішіндегі атап өтерлігі – «Ғылым академиясына қарасты көпфункционалды ұшқышсыз аппараттар кешенінің ғылыми-өндірістік орталығы» деген кәсіпорын.

Грузияның әуе компаниясы да санкцияға ілікті. Жақында ғана Ресей мен Грузия арасында әуе қатынасы қайта басталған болатын. Осыны Грузия тарапынан жүзеге асырушы Georgian Airways компаниясына санкция салынды.

«Енді Rolls-Royce алып береді»: Динара Сәтжан жаңа күйеуінің өзін қалай еркелететінін айтып берді Шымкентте бір топ еркек құлағы естімейтін қызды тапшанда зорлап, соны видеоға түсірген «Сүйеу болар әкең жоқ»: Меруерт Түсіпбаева IELTS-тан жоғары балл жинаған Мақпал Жүнісованың қызын үлгі етті Тұрсын Алагөзов өз қызметкерлеріне қымбат көліктер сыйлады (ВИДЕО) «Ақталғым келмейді»: актер өз әйелін ұрғанын мойындап, оның ата-анасынан кешірім сұрады (ВИДЕО) Декретке миллионмен шыққан 113 әйел сотталмақ Үкімет зейнеткерлердің несиесі кешірілсін деген талапқа жауап қайтарды Ақтөбеде ер адам трансформаторлар ұрлаған «4 машина, 4 пәтер, ғимарат»: Перизат Қайрат миллиардты қайда жұмсағаны туралы тізім жасалды «Анасы адвокат болғасын қорықтым»: танымал әнші Say Mo бұрынғы актер күйеуінен зорлық көргенін жайып салды «Құдайдан қыз болып оянуымды тіледім»: Атышулы Амилай балалық шағынан сыр шертті Журналист Сәуле Әбілдаханқызының қандастар «елді сатып кетеді» деген жазбасын полиция тексеріп жатыр «Екі жыл бұрын ажырасып кетті»: Динара Сәтжан жолдасымен некесін қиды Ақтөбеде марқұмның туыстары ағасын рұқсатсыз жерлеген екі ведомстводан өтемақы талап етті Әйелін бірнеше жыл сабаған дипломат Сәкен Мамаш Астанада тұтқындалды «Мектепте «мини юбка» киген қыздар жүкті болып жатыр»: Атышулы блогер мектепте орамалды рұқсат етпейтін заңға ренжіді Танымал актер әйеліне лифтіде шабуыл жасағаны үшін түсірілім алаңынан қуылды (ВИДЕО) Спортшы Сұлтан Заурбекке Шымкент қаласының әкімі демеушілік жасай ма? Қуандық Бишімбаевтың әкесі Таразда Bishimbayev University оқу орнын ашпақ Ақтауда өтіп бара жатқандар қызды зорламақ болған ер адамды тұрғындар ұстап алды